![Ұлттық арнадан Мемлекет басшысының қатысуымен өткен жалпыұлттық телекөпірді көріңіз](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_44716.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысының қатысуымен «Қазақстанның жаңа индустрияландыру бағдарламасы: 2014 жылдың және бірінші бесжылдықтың нәтижелері» атты жалпыұлттық телекөпірі өтті.
Телекөпір кезінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен ҮИИДБ шеңберінде мемлекеттік қолдау тапқан, табысты жұмыс істейтін 16 нысан байланысқа шықты.
Сондай-ақ, осы телекөпір барысында Елбасының «Алтын сапа» сыйлығының, Қазақстанның үздік тауары «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі конкурсының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.
Салтанатты шараның толық нұсқасын бүгін Ұлттық арнадан сағат 21.30-да көріңіз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлттық арнадан Мемлекет басшысының қатысуымен өткен жалпыұлттық телекөпірді көріңіз&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/94400/)