![Астанадан шығатын барлық бағыттардағы жолдар жабылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_44741.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Боранға байланысты Астанадан шығатын барлық бағыттарда жолдар жабылды. Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК мәліметінде хабарланды.
Атап айтқанда, «Астана-Петропавл» жолының 18-231 шақырымындағы Астана мен Бурабай аралағында жол жабылды.
«Екатеринбург-Алматы» жолының 1007-1247 шақырымындағы Атбасар мен Астана учаскесінде көлік қозғалысы шектелді.
Ал «Астана-Ерейментау-Шідерті» жолының 16-205 шақырымындағы Астана мен Павлодар облысы шекарасы аралығындағы жол жабық.
Бұдан бөлек, «Астана-Киевка-Теміртау» жолының Астана мен Қарағанды облысы шекарасы учаскесінде көліктердің жолға шығуына тыйым салынды.
Сонымен қатар «Екатеринбург-Алматы» жолының 1275-1353 шақырымындағы Астана мен Қарағанды облысы аралығы жабық.
Боранға байланысты «Астана-Қорғалжын» тасжолында қозғалыс шектелді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанадан шығатын барлық бағыттардағы жолдар жабылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/94425/)