![Астанада Қазақстан-Франция картиналарының көрмесі өтуде](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_44762.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астанада қазақ-француз суретшілерінің бірлескен көрмесі ашылды. Шара мақсаты - қараша айында Париждегі Үлкен сарайда (Grand Palais) өткен Art Capital-2014 көрмесінде қазақстандық суретшілердің алған әсерлерін жеткізу.
Францияның Қазақстандағы елшілігінің мәдениет жөніндегі атташесі Йоанн Юрестің айтуынша, көрме Қазақстан мен Францияның арасындағы өзара қарым-қатынасты жеткізіп, ART CAPITAL-2014 көрмесінің жалғасы.
Көрме Қабанбай батыр даңғылы - 35, «Автоцентр Бавария» (БМВ орталығы) мекенжайы бойынша өтуде. Шара 2015 жылдың 19-қаңтарына дейін жалғасады.
Астана мен Парижді тығыз серіктестік қарым-қатынастар байланыстырады. Екі елдің экономикалық ынтымақтастығы дамып, мәдени өзара әрекет ету де кеңейіп келеді.
Биыл 31-қазаннан 3-қарашаға дейін Францияда Астана күндері өтті. Онда қазақ халқының тарихы, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы таныстырылды, әйгілі Луврдың алдындағы алаңда «Қазақ ауылы» экспозициясы ашылды.
Сонымен қатар, 12-желтоқсанда Астанада Бесінші Республиканың негізін қалаушы және бірінші Президенті Шарль де Голльға арналған ескерткіш ашылды.
astana.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада Қазақстан-Франция картиналарының көрмесі өтуде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/94446/)