![Ұлттық арна қызметкері «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_44796.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Біздің анықтама:
Ғалия Шаудырбаева 1976 жылы 17 қарашада Жамбыл облысының Жамбыл ауданы, Қаракемер ауылында дүниеге келген.
2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетін тәмамдаған.
2002-2006 жылдар аралығында Алматы қаласындағы арнайы мамандандырылған «Болашақ» орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 2007-2008 жылдары «АТФ Полис» сақтандыру компаниясы» АҚ аудармашы қызметін атқарған.
2009 жылдың 15 қаңтарынан бастап «Қазақстан» ҰТА-ның Мәдени танымдық бағдарламалар шығармашылық бірлестігінде, «Киноғұмыр», «Сөз-мерген», «Келбет» бағдарламаларының редакторы қызметін атқарды.
2012 жылдың 2 сәуірінен бастап «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасының шеф-редакторы, 2013 жылдың қазанынан «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасының продюсері қызметін атқарады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлттық арна қызметкері «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/94480/)