«Ливерпуль» жылдың соңғы ойынында жанкүйерлеріне ірі жеңіс сыйлады (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ливерпуль» жылдың соңғы ойынында жанкүйерлеріне ірі жеңіс сыйлады (ФОТО)

30.12.2014
«Ливерпуль» жылдың соңғы ойынында жанкүйерлеріне ірі жеңіс сыйлады (ФОТО)

Алаң иелерінің қақпасына Симон Миньоле қайта оралды. Коло Туре, Лазар Маркович пен Стивен Джеррард негізгі құрамдағы орнын Хави Манкильо, Альберто Морено және Эмре Канға босатып берді.

«Суонси Сити» сапында өткен матчпен салыстырғанда жасыл алаңға Эшли Ричардс, Леон Бриттон және Натан Дайер шықты. Олар өз кезегінде Анхель Рангеля, Ки Сун Юн және жарақат алған Джефферсон Монтероны алмастырды.

Матчты белсенді бастаған «Ливерпуль» алтыншы минутта-ақ қауіп төндірді. Бұрыштамадан көтерілген допты Мартин Шкртел басымен қақпаға тура бағыттағанымен қонақтардың қақпашысы  Лукаш Фабиански допты уысынан шығармай қағып алды.

Дегенмен, кездесудегі есеп 37-ші минутта ашылды. Джордан Хендерсон айып алаңының оң қанатынан ұтымды пас шығарып,  қорғаушылардың еш қарсылығынсыз қақпаға соққы бағыттаған Альберто Морено мергендік танытты. Есеп - 1:0.

Хабарламаларға жазылу