![Гүлнұр Оразымбетова: Биыл «Арманым-ай» атты ән жинағым шықты (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_44846.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында әнші Гүлнұр Оразымбетова қонақта болып, сұхбат берді. Әнші 2014 жылы жылқы жылында жеткен табыстарымен бөлісті.
«2014 жыл отбасым үшін жақсы жыл болды. Үлкен ұлымыз биыл қазақ-түрік лицейінің грантын жеңіп алды. Өзім кезекті мүшелден шықтым. Өнерге қатысты айтатын болсам, биыл үйде көп отырмадым. «Арманым-ай» деген атпен ән жинағым шықты», - дейді ол.
Сондай-ақ, Гүлнұр Оразымбетова Жаңа жылды қалай қарсы алатынын, қандай ас әзірлейтінін айтты.
«Бала кезде Аяз Атаның бар екеніне сендім. Оған хат та жазатынбыз. Аяз Атадан сұрайтыным – сахналық көйлектер болды», - дейді әнші.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Гүлнұр Оразымбетова: Биыл «Арманым-ай» атты ән жинағым шықты (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/94530/)