![Кедендік одақ елдері аумағына рөлі оң жақтағы көліктерді әкелуге тыйым салынады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_44887.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
2015 жылдың қаңтар айынан бастап, рөлі оң жақта орналасқан көліктерді Кеден одағы аумағына кіргізуге тыйым салынады.
Кеден одағы елдерінде «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентке өзгерістер енгiзiлген.
Сондай-ақ, келесі жылдан дөңгелекті көлік құралдары жедел қызметтерді шақырту жүйесімен жабдықталады. Бұл жол-көлік апаты болған жағдайда құтқарушылардың әрекет ету уақытын қысқартады және медициналық қызметтің де оқиға орнына тезірек жетуіне септігін тигізеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Кедендік одақ елдері аумағына рөлі оң жақтағы көліктерді әкелуге тыйым салынады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/94571/)