![Зарина Диас жаңа маусымды жеңіспен бастады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_44958.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстандық теннисші Зарина Диас Қытайдың Шэньчжэн қаласында өтіп жатқан WTA турнирінде хорватиялық Донна Векичпен кездесіп, жеңіске жетті. Есеп – 6:3, 6:1.
Кездесу 56 минутқа созылды. Бұл – 21 жастағы қазақстандық теннисшінің жаңа маусымдағы алғашқы ойыны.
Екінші айналымда Зарина Диас венгриялық теннисші Тимеа Бабошпен кездеседі.
Айта кетейік, турнирдің жүлде қоры – 500 мың АҚШ доллары. Жарыс 10 қаңтарға дейін созылады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Зарина Диас жаңа маусымды жеңіспен бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/94642/)