![6 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ болады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_44993.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстан аумағында фронтальдық ағындардың өтуіне байланысты қалың қар жауып, тұман түседі. Көктайғақ болып, жел күшейеді.
Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
Алматы облысында кей жерлерде тұман түсіп, Жалаңашкөл аумағында желдің жылдамдығы 20-25 м/с-қа жетеді.
Қостанай облысында желдің күші 15-20 м/с-қа жетіп, күндіз боран соғады, түнде тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.
Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында боран соғады, желдің жылдамдығы -15-20 м/с.
Атырау облысының кейбір аумақтарында тұман, көктайғақ орын алса, күндіз желдің екпіні - 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының кей аумақтарында көктайғақ, боран болып, күндіз жел 15-20 м/с-қа күшейеді.
Қарағанды облысында жел 15-20 м/с-қа жетіп, тұман, көктайғақ орын алады.
Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Оңтүстік Қазақстанда тұман түседі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=6 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ болады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/94677/)