![7 қаңтар күні республиканың басым бөлігінде қар жауып, боран соғады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_45029.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстан аумағында фронтальдық ағындардың өтуіне байланысты қалың қар жауып, тұман түседі. Көктайғақ болып, жел күшейеді.
Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
Алматы облысында кей жерлерде тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 20-25 м/с-қа жетеді. Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің күші 15-20 м/с-қа жетіп, боран соғады. Павлодар облысында желдің күші 17-22 м/с-қа дейін барады, көктайғақ болады. Маңғыстау облыстарының кей аймақтарында тұман түсіп, 15-20 м/с екпінмен жел соғады. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Атырау облыстарында желдің күші 15-20 м/с күшейіп, боран соғады. Жамбыл, Қызылорда обыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік Қазақстанда тұман түседі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=7 қаңтар күні республиканың басым бөлігінде қар жауып, боран соғады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/94713/)