![Ақілгек Мырзабайқызы Facebook әлеуметтік желісінде ұйымдастырылған ақындар айтысының жеңімпазы атанды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_45102.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
М.Мәметова атындағы Ақтөбе медицина колледжінің студенті Ақілгек Мырзабайқызы Facebook әлеуметтік желісінде ұйымдастырылған жас ақындар айтысында бас жүлдені иеленді, деп хабарлайды aktobegazeti.kz.
Шараға 30-ға жуық ақын қатысқан. Айтысқа белгілі ақындар - Ербол Бейілхан, Алмас Темірбай, Сәкен Алдашбаевтар қазылық етті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты - ұлтымыздың төл өнерін насихаттауға үлес қосу.
«Әлеуметтік желіде осындай шаралар жиі ұйымдастырылса, жастар шығармашылығын шыңдауға құлшынар еді», — дейді жас ақын Ақілгек Мырзабайқызы.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақілгек Мырзабайқызы Facebook әлеуметтік желісінде ұйымдастырылған ақындар айтысының жеңімпазы атанды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/94786/)