![«Қазақстан. ЭКСПО-дан үш жыл бұрын» деректі фильмі жарық көрді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_45107.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
« EXPO - ел беделі. Ол әлемдік ірі мемлекеттермен бірге адамзатты толғандыратын мәселелерді талқылау мүмкіндігін береді. Астанада «Болашақ энергиясы» тақырыбымен өтетін халықаралық көрме көпшіліктің қызығушылығын арттырып отыр», делінген хабарламада.
«Қазақстан. ЭКСПО-дан үш жыл бұрын» туындысы көрменің жоғары деңгейде өтуі үшін ұйымдастырушылардың атқарып жатқан шаралары, елімізге әкелер пайдасы туралы деректерді қамтыған.
Фильмнің тұсаукесері таяуда республикадағы жетекші телеарналар эфирінен көрсетілмек.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Қазақстан. ЭКСПО-дан үш жыл бұрын» деректі фильмі жарық көрді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/94791/)