![Ақмола облысында жолда қалған Қырғыз Республикасының азаматтары құтқарылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_45163.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Атбасар ауданы арқылы өтетін "Алматы-Екатеринбург" тасжолының бойында істен шыққан шағын автобустағы қырғыз елінің азаматтары қауіпсіз жерлерге көшірілді. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.
ТЖД мәліметі бойынша қаңтардың 11-і күні "Алматы-Екатеринбург" күре жолының 986 шақырымында жолаушылар тасымалдайтын шағын автобус істен шыққан. Құтқару жұмыстарына "Жолаушылар тасымалы" МКК-ның жеке құрамынан 2 адам және 1 техника тартылды.
18 жолаушы Атбасар қаласындағы қонақүйге жайғастырылды.
ҚазАқпарат
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысында жолда қалған Қырғыз Республикасының азаматтары құтқарылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/94847/)