![Бүгін - Дінмұхамед Қонаевтың туған күні (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_45169.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін - мемлекет қайраткері, халқымыздың біртутар тұлғасы Дінмұхамед Қонаевтың туған күні.
Алматыда заңғар тұлғаға арналған тарихи-мемориалдық мұражай кешені бар. Оның құрылғанына 10 жылдан астам уақыт өтті.
Мұнда қоғам қайраткерінің өмірі мен еңбек жолынан сыр шертетін үш мыңнан астам жәдігер сақталған.
«Дінмұхамед Қонаев қару-жарақ және оттық жинаумен айналысқан. Коллекциясында 500-ден астам оттық бар. Бұл жерде олардың тек алтауы бар», дейді мұражай қызметкерлері.
Мәдени нысанның «Қонаев мұражайының қару-жарақтары. 18 жылдан соң» деп аталатын экспозициялық залымен «Таңшолпаннан» таныса аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін - Дінмұхамед Қонаевтың туған күні (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/94853/)