![Достастық Кубогы – 2015. Қазақстан Литваны ұтты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_45338.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
С тобындағы ойын 1:0 есебімен аяқталды. Матч тағдырын шешкен жалғыз голдың авторы - «Ақтөбе» шабуылшысы Абат Айымбетов. Ол ойынның 57-ші минутында көзге түсті.
Саулюс Ширмялис шәкірттері екі ойыннан кейін ұш ұпай жинады. Ал, Литва құрамасының қоржынында – 1 ұпай.
Топтық кезеңдегі шешуші ойында қазақстандық футболшылар ОАР құрамасымен кездеседі.
Бұл матч сейсенбі, 20 қаңтар күні Астана уақыты бойынша 15.00-де басталады. Бұл күні Литва мен Тәжікстан құрамасы да кездеседі.
Айта кетейік, Қазақстан жастар құрамасы алғашқы ойында Тәжікстан футболшыларынан 0:1 есебімен жеңіліп қалған еді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Достастық Кубогы – 2015. Қазақстан Литваны ұтты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/95022/)