![Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ кастинг жариялайды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_45342.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ режиссер Болат Қалымбетовтің «Талан» атты жаңа көркем фильміне кастинг жариялайды.
Фильмге түсуге 8-12 жас аралығындағы ұлдар, 25-45 жас аралығындағы әйелдер және 25-65 жас аралығындағы ер адамдар шақырылады.
Сондай-ақ, көркем туындыда 65-80 жас аралығындағы әжейдің рөлін сомдайтын актриса мен қытай тілін жақсы білетін 40-50 жас аралығындағы ер адам қажет.
Өтінімдер Алматыдағы «Қазақфильм» киностудиясында қабылданады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ кастинг жариялайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/95026/)