![ЖХЛ. «Сарыарқа» – плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы команда](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_45369.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өткен маусымдағы Братина Кубогының иегері биыл да чемпионаттың көшбасшысы. Леонид Тамбиев шәкірттері 42 ойында 92 ұпай жинаған. Осылайша, «Сарыарқа» командасы ЖХЛ плей-офф кезеңіне жолдамасын алдын ала иеленді.
Плей-офф кезеңіне шығуға қазақстандық тағы бір команда «Қазцинк-Торпедоның» да мүмкіндігі бар. Әзірге өскемендік команда 42 ойыннан кейін 56 ұпай жинап, турнир кестесінде 16-шы орында тұр.
Қазақстандық командалар ЖХЛ чемпионатындағы келесі ойындарын 19 қаңтарда өткізеді. «Сарыарқа» сырт алаңда Челябинск қаласының «Челмет» командасымен кездессе, «Қазцинк-Торпедо» Ижевскіде жергілікті «Ижсталь» клубымен ойын өткізеді.
Фото. «Сарыарқа» клубының сайтынан алынды
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ЖХЛ. «Сарыарқа» – плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы команда&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/95053/)