![Жансая Әбдімәлік «Prague Open» жарысында үздік нәтиже көрсетті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_45379.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
15 жастағы қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік Чехияда өтіп жатқан Халықаралық «Prague Open» турнирінде әйелдер арасында үздік шықты.
Ол 6 ұпай жинап, жоғары нәтиже көрсетті.
Украиналық гроссмейстер Александр Носенко 8 ұпаймен, турнир жеңімпазы атанды.
Жарысқа барлығы 209 шахматшы қатысқан.
Айта кетейік, Жансая Әбдімәлік қаңтар айының соңында Францияда өтетін «Капелла ля-Гранде», Исландияда өтетін «Reykjavik Open» жарыстарында бақ сынайды.
Фото: vesti.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жансая Әбдімәлік «Prague Open» жарысында үздік нәтиже көрсетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/95063/)