![Павлодар облысы әкімінің Кубогы үшін жедел шахматтан халықаралық турнир өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_45400.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бақылау уақыты: бірінші жүрістен бастап әр жүріс үшін 10 секунд қосымша уақытпен партия аяғына дейін - 15 минут. Жарыс ХШФ (халықаралық шахмат федерациясы) ережесі бойынша жүреді.
Жүлде қоры 3 миллион теңге болатын жарысты Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысының Дене тәрбиесі және спорт басқармасы, Павлодар облысының Шахмат федерациясы ұйымдастыруда.
Қатысушылар:
Александр Халифман (Ресей) – халықаралық гроссмейстер, 1999 жылғы ХШФ классикалық шахматтан Әлем чемпионы, Олимпиаданың үш мәрте жеңімпазы.
Алексей Александров (Беларусь) – халықаралық гроссмейстер, шахматтан Еуропа чемпионы.
Адли Ахмед (Египет) – халықаралық гроссмейстер, Африканың екі мәрте чемпионы, Африка Олимпиада ойындарының үш мәрте чемпионы, Жастар арасындағы Әлем чемпионы.
Хулио Гранда Зунига (Перу) – халықаралық гроссмейстер, Американың төрт мәрте чемпионы.
Ли Молтон (Автралия) – халықаралық дәрежедегі шебер, классикалық, жедел және қарқынды шахмат ойындары бойынша Австралия чемпионы.
Евгений Владимиров (Қазақстан) – халықаралық гроссмейстер, Азияның төрт мәрте чемпионы.
Павел Коцур (Қазақстан) – халықаралық гроссмейстер, Азияның төрт мәрте чемпионы, Жастар арасындағы әлемнің вице-чемпионы.
Петр Костенко (Қазақстан) – халықаралық гроссмейстер, Азияның үш мәрте чемпионы, Жастар арасындағы әлемнің вице-чемпионы.
Әнуар Ісмағамбетов (Қазақстан) – халықаралық гроссмейстер, Азияның үш мәрте чемпионы, Жастар арасындағы әлемнің вице-чемпионы.
Ринат Жұмабаев (Қазақстан) – халықаралық гроссмейстер, Азияның үш мәрте чемпионы.
Турнир 28-30 қаңтар аралығында өтеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодар облысы әкімінің Кубогы үшін жедел шахматтан халықаралық турнир өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/95084/)