![Боранға байланысты Қазақстанның алты облысында жолдар жабылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_45404.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның алты облысында жолдар жабылды, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.
Осылайша Ақмола облысында боран салдарынан «Екатеринбург-Алматы» (856-917 км) а/ж, «Жезқазған-Петропавл» (377-440 км) а/ж учаскелерінде көліктің барлық түріне жол жабылды.
Алматы облысында «Үшарал-Достық» (0-184 км) учаскесінде көліктің барлық түрінің қатынауына тыйым салынды.
Қарағанды облысында «Жезқазған-Петропавл» (130-240 км) а/ж, «Алматы-Екатеринбург» (1007-885 км Қарағанды қ.- Ақсу-Аюлы а.) а/ж учаскелерінде көліктің барлық түріне жол жабылды.
Қостанай облысында «Жезқазған-Петропавл» (377-252 км) а/ж, «Арқалық-Торғай» (0-288 км) а/ж, «Әулиекөл-Жалдама» (54-257 км) а/ж учаскелерінде көліктің барлық түріне жол жабылды.
Павлодар облысында «Қызылорда-Павлодар» (1135-1205 км Шідерті кентінен Қарағанды облысының шекарасына дейін) учаскесінде көліктің барлық түрінің қатынауына тыйым салынды.
Оңтүстік Қазақстан облысында «Қошқарата-Жарықпас-Бірлік» (77-142 км) учаскесінде көліктің барлық түрінің қатынауына тыйым салынды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Боранға байланысты Қазақстанның алты облысында жолдар жабылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/95088/)