![Australian Open. Зарина Диас пен Мария Шарапова үшінші айналымда кездеседі](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_45419.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мельбурнде өтіп жатқан Австралия ашық біріншілігінің екінші айналымында қазақстандық теннисші Зарина Диас Словакия өкілі Анна-Каролина Шмидлованы ұтты. Есеп - 3:6, 6:2, 8:6.
Зарина Диастың үшінші айналымдағы қарсыласы – ресейлік Мария Шарапова.
Айта кетейік, тағы бір қазақстандық теннисші Ярослава Шведова да үшінші кезеңге шықты. Ол бүгін Пуэрто-Рика өкілі Моника Пуигтен басым түсті. Есеп - 6:2, 7:6. Келесі қарсыласы - қытай қызы Пенг Шуай.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Australian Open. Зарина Диас пен Мария Шарапова үшінші айналымда кездеседі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/95103/)