![Елордада алдағы күндері аяз болады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_45449.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астанада алдағы күндері аяз тұрып, ауа температурасы кей жерлерде -34°С дейін төмендейді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Елордада күндіз қарлы боран болып, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 18-20°С, күндіз 15-17°С суық болады.
Синоптиктердің болжамынша, ертең елордада көшпелі бұлт шығып, түнде аздап қар жауады. Боран соғып, түнде желдің ұйытқуы 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -22-24°С болып, күндіз ауа температурасы төмендейді деп күтілуде.
24 қаңтарда күндіз ауа температурасы 26-28°С болса, түнде -32-34°С аяз болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с жетеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада алдағы күндері аяз болады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/95133/)