![Астанада «Өз актеріңді таны!» атты акция өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_45558.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астана қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры 1 ақпан мен 25 наурыз аралығында «Өз актеріңді таны!» атты акциясын өткізеді. Шара 27-наурыз Халықаралық театр күніне арналған.
Акцияның мақсаты:
- Астана қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының көрерменімен арасындағы байланысты арттыра түсу;
- Театр репертуарының жұртшылық назарына әсерін саралау;
- Театр актерлерінің сахналық шығармашылығының көрерменіне қаншалықты жетімділігін анықтау;
- Актер шеберлігі саласының, кейіпкер жасаудағы түрлі тәсілдер мен бағыттардың, орындаушылық өнердің ерекшеліктерінің көрермен тарапынан бағалануын байқау;
- Репертуарлық спектакльдердің тақырыбы, жанры, безендірілуі, өткізілуі және көрермен тарабынан қабылдануы тұрғысын зерделеу;
- Қойылымдағы әрекет жүйесінің, сөз сөйлеу, ән айту, би билеу шеберлігінің артықшылық пен кемшілік тұстарын пайымдау.
Акция 27-наурыз Халықаралық театр күніне арналған салтанатты шарада қорытындыланады.
Фото: aynaline.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада «Өз актеріңді таны!» атты акция өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/95242/)