![Қанат Үмбетов: Әндерімнің өміріммен ұқсастығы көп](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_45588.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Бейнебаян түсіру ойда бар. Екі ән дайын тұр. Бірі – баяу айтылатын ән болса, екіншісі – жылдам ырғақты. Бұған дейін үш баяу әнге бейнебаян түсірген екенмін. Әлі таңдау үстіндеміз»,-дейді әнші.
Халыққа «Мазаламайын» әнімен кеңінен танылған ол: «Әнді халық жылы қабылдады. Жақсы пікірлер айтылып жатыр. 2014 жылы біз «Жүректесің» және «Мазаламайын» әндеріне бейнебаян түсірдік. Бүгінге дейін екеуіне де халықтың берген бағасы жоғары»,-дейді.
«Маған көп қойылатын сұрақтардың бірі – «әндеріңіз неге мұңлы?». Сұраққа жауап ретінде айтарым, әр әннің тарихы, ғұмыры болса деп тілеймін. Себебі, жүректен шыққан ән жүрекке жетеді, деп жатады. Әндерімнің өміріммен ұқсастығы көп...».
Толығырақ – «Таңшолпанда».
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қанат Үмбетов: Әндерімнің өміріммен ұқсастығы көп&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/95272/)