![Ұлттық арна «Қазақ халық ертегілері» мультфильмін ұсынады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_45598.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ертегі – фольклордың қара сөзбен айтылатын, ерекше түрінің бірі. Өскелең ұрпақты жан-жақты жетілген адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуде ертегінің алар орны ерекше.
Ондағы түрлі кейіпкерлер арқылы бала жақсы-жаманның не екенін аңғаруды үйренеді. Ертегі арқылы айнала қоршаған ортаны барлай алады, табиғаттың сиқырлы сырларын сезініп, халықтың әдемілік және әдептілік туралы ұғымдарын бойына сіңіреді.
Сондай-ақ, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы түсінік қалыптасып, адамгершілік тәрбиесінің бастауына ден қояды.
Қазақы танымға бағытталған «Қазақ халық ертегілері» мультфильмін бүгін Ұлттық арнадан 14.25-те тамашалай аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлттық арна «Қазақ халық ертегілері» мультфильмін ұсынады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/95282/)