![«Күйеуімнен көңілім қалды...»](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_45632.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Дәстүрлі дін мен дәстүрлі емес діндердің ара-жігін ажырата алмайтын жандар қоғамымызда әлі де көптеп кезігеді. Дәстүрлі дінде заң аясында жүйелілік бар.
Дәстүрлі емес діндердің іс-әрекеттерін жүйелі бақылап отыру аса күрделі құбылыс. Соңғы кездері бұрын-соңды атын естімеген дәстүрлі емес діни ағымдардың көбеюі осының дәлелі.
Жалпы, дәстүрлі емес діни ағымдардың көздеген мақсаты – халықты айтқанға көнетін ойсыз топқа айналдырып, оларды жанды қуыршақ сияқты басқару, санасына әмір жүргізу.
Бүгін «Әйел бақыты» ток-шоуында күмәнді діни ағымға кіріп, балаларға өз «таным-ілімдерімен» ықпал етуге тырысқан күйеуінің әрекетіне қарсы әйел қонақта болады.
Балаларын әкесіз қалдырғысы келмейтін, бірақ, жағдайды қалай дұрыстауға болатынын білмейтін келіншектің оқиғасын 15.05-те Ұлттық арнадан көріңіз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Күйеуімнен көңілім қалды...»&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/95316/)