![Қандастарды елге шақыру тәртібі өзгере ме?](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_45688.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Шетелдегі қазақтардың тарихи Отанына оралуы еліміздің Тәуелсіздік тарихының құрамдас бөлігі. Өйткені, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жариялауы, елдің саяси тұрғыдан құқықтық-демократиялық даму жолына түсуі, экономикалық салада нарықтық қатынастарға көшуі, бәрінен бұрын Республикадағы тұрғылықты ұлт қазақ халқының жан-жақты дамуына мол мүмкіншіліктердің жасалуы шетелдегі қазақтардың елге оралуының басты алғышарты болды.
Ұзақ уақыт бойы тарихи әділетсіздік салдарынан Қазақстан Республикасының аумағын тастап кеткен қандастарымыз егемендік алу қарсаңында-ақ елге орала бастады.
Бұл – қазақ халқының төл тарихындағы айтулы оқиға, ұлттың ұлт болып ұйысуының, үлкен елдіктің белгісі.
Бүгінде қандастарды елге шақыру тәртібі қалай жүзеге асуда? Қандай қиыншылықтар бар? Бүгін 23.05-те «Алаң» ток-шоуынан біле аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қандастарды елге шақыру тәртібі өзгере ме?&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/95372/)