![Қазақстанның біраз аймағында күн ашық болады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_45698.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
1 ақпан күні Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық. Тек елдің оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік және Батыс Қазақстанда жел күшейеді, деп хабарлады «Қазгидромед» МКК.
Нақтырақ айтқанда, Алматы облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жалаңашкөл маңында желдің жылдамдығы 18-23, кей жерде секундына 28 метрге дейін жетеді.
Жамбыл облысында да тұман түседі, көктайғақ болып, түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерінде көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында да жел күшейіп, оның жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерде тұмсан түседі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанның біраз аймағында күн ашық болады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/95382/)