![«Достар» телехикаясының алғашқы бөлімін көріңіз](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_45726.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Достар» телехикаясы – еліміздің беделді, алдыңғы қатарлы оқу ордасындағы студенттердің күнделікті өмірі, болашаққа жасалған жоспары мен қарапайым ғана адамгершілік қарым-қатынасы туралы фильм.
Көп сериялы фильм мұнайшы-технолог, биолог, инженер, тіл маманы, социолог маманына оқып жатқан алты студент арасында өрбиді. Туындыда мектеп қабырғасынан тек кітаби біліммен келген таным-түсінік пен өмірдің өзінен алынған сабақ, сезім мен бақталастық, адалдық пен астамдық, ұяңдық пен тәкаппарлық туралы баяндалады.
Еліміздің таңдаулы оқу орнына түсіп, елорданың жас тұрғыны атанған студенттердің арман-қиялы мен таным-түсінігі әр түрлі. Алуан түрлі көзқараспен келген адамдардың тағдыры бір алаңда тоғысады.
Телехикаяның алғашқы бөлімін бүгін 19.30-да Ұлттық арнадан тамашалаңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Достар» телехикаясының алғашқы бөлімін көріңіз&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/95410/)