![Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы экономикалық өсімді нығайту үшін барлық күшті жұмсауды тапсырды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_13694.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Үкімет отырысын ашу кезінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев 2016 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша оң көрсеткіштер бар екенін атап өтті. Осы уақыт аралығында ЖІӨ 0,8%-ды құраған.
«Қазір барлық резервтерді қолданудамыз. Біз әкімдермен және компаниялардың басшыларымен сөйлестік. Осы жылды 1%-дық өсіммен аяқтай аламыз, сол үшін осы бағытта барлық күшімізді жұмсауымыз керек», - деді Б. Сағынтаев.
Еске сала кетейік, Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттің атқарылу қорытындысы қарастырылуда.
primeminister.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы экономикалық өсімді нығайту үшін барлық күшті жұмсауды тапсырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/955/)