![Оңтүстік Корея дәрігерлері Астанада шеберлік сабағын өткізуде](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_45836.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елордадағы №1 ауруханада онтүстіккореялық дәрігерлер шеберлік сабағын өткізіп жатыр. Шара Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы мен Тэгу қаласының (Оңтүстік Корея) мэриясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana.gov.kz.
Мақсат - денсаулық сақтау жүйесін зерттеу. Сондай-ақ, Оқу-клиникалық орталығы, Астана қаласының №1 ауруханасы және Тэгу қаласындағы «Фатима» ауруханасының арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою.
Бүгін қалалық №1 аурухана базасында «Колопроктология» және «Ортопедиялық хирургия» тақырыптары бойынша семинарлар өтті. Ертең шетелдік мамандар қалалық онкологиялық диспансер мен Оқыту-клиникалық орталықтың жұмысымен таныспақ.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оңтүстік Корея дәрігерлері Астанада шеберлік сабағын өткізуде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/95520/)