![«Қазақтың інжу-маржаны» концертін көріңіз](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_45845.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Музыка майталманы, өнер қайраткері Ахмет Жұбановтың бастамасымен құрылған шағын оркестр бүгінде ұлттық музыка өнерінің інжу-маржанына айналып отыр.
Небәрі 11 домбырашыдан құралған өнер бірлестігі жылдар алға жылжыған сайын қанатын кеңге жайып, оркестр биігіне көтерілді.
Төл мәдениетіміздің даму тарихында ойып тұрып орын алған, қазақ халқының ән-күйін әлемге танытқан Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестріне Елбасы «Қазақтың інжу-маржаны»,-деп баға берген.
Бүгін Ұлттық арнадан сағат 19.20-да оркестрдің 80 жылдық мерейтойына арналған концертті көріңіз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Қазақтың інжу-маржаны» концертін көріңіз&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/95529/)