![Республиканың барлық аумағында күн жылы болады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_45861.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Оңтүстік-шығыс ауа ағынының әсерінен тұрған циклон Қазақстан территориясына жылы ауа райын әкеледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
«Елдің солтүстік өңірлерінде қар жауып, 15-25 м/сек жылдамдықпен жел соғады. Ал, оңтүстік-батыс өңірлерде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады, тұман түседі.
Күндіз еліміздің барлық аймақтарында жылы болады, ал, оңтүстікте 2-10 градус жылы болмақ», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Республиканың барлық аумағында күн жылы болады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/95545/)