![«Каспий теңізі-2015» халықаралық байқауы тамызда өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_45875.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
ТМД мемлекеттері Қарулы күштерінің су үстімен жүретін кемелердің экипаждары мен теңіздегі жаяу әскер бөлімшелерінің жеке құрамы арасындағы «Каспий теңізі-2015» байқауы ресейлік тараптың бастамасымен өткізілмек.
Ресейлік «Военно-промышленный курьер» басылымының жазуынша, су үстімен жүретін кемелердің экипаждары мен теңіздегі жаяу әскер бөлімшелерінің жеке құрамы арасындағы теңіз және дала дағдылары бойынша «Каспий-2015» халықаралық байқауын өткізу ағымдағы жылдың тамыз айына жоспарланған.
Байқауға қатысушы мемлекеттердің флоттарының бір негізгі және бір резервтік кемелері, теңіз жаяу әскерінің бір бөлімшесі жіберіледі.
Байқау үш кезеңнен тұрады: біріншісі - «Каспий дербиі» (теңіздегі жаяу әскер бөлімшелерінің жеке құрамының арасында өткізіледі), екіншісі - «Каспий кубогы» су үстімен жүретін кемелер экипаждарының арасында өткізіледі.
Үшінші кезең - «Спорттық», оған байқауға қатысушы елдердің теңіздегі жаяу әскер бөлімшелерінің жеке құрамы және су үстімен жүретін кемелердің экипаждары қатысады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Каспий теңізі-2015» халықаралық байқауы тамызда өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/95559/)