![Қазақстанда құбылмалы ауа райы сақталады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_45940.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстанның орталық аймағында бұлтты, қарсыз ауа райы күтілуде. Күндізгі температура −5...-9°C, түнгі −12...-14°C.
Еліміздің солтүстік бөлігінде де осындай ауа райы сақталады. Қостанай облысында жел 15-20 м/с жетеді. Павлодар облысында жел 25 м/с болады. Қар жауып, боран соғады.
Шығыс Қазақстанда күн бұлтты, қар жаууы ықтимал. Таңертеңгі температура −1...-4°C, түнде −6...-11°C.
Оңтүстік аймақтарда күн құбылмалы, кей жерлерде жауын-шашын жауады. Күндізгі температура +6...+9°C. Ал, Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында ауа райы күндіз +15...+18°C жылиды. Түнгі температура +3...+6°C.
Қазақстанның батысында күн құбылмалы, кей жерлерде тұман болып, қар жаууы ықтимал. Батыс Қазақстан облысында күндіз ауа райы −5...-7°C, түнде −11...-13°C аралығында болады.
Фото: fishki.net
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда құбылмалы ауа райы сақталады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/95624/)