![Головкин-Мюррей жекпе-жегінің төрешілері анықталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_45987.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ұлыбританиялық боксшы Мартин Мюррей (29-1-1, 12 КО) мен орта салмақтағы WBA (Super), IBO мен WBC (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы жекпе-жекті шаршы алаңда Луис Пабон (Пуэрто-Рико) төрешілік етеді.
Тәжірибелі пуэрториколық Луис Пабон 2014 жылы Монакода Головкин-Адама жекпе-жегіне төрешілік еткен еді.
Ал, Стэнли Кристодулу (АҚШ), Фернандо Барбоса (АҚШ) мен Джек Вудбёрн (Канада) шаршы алаңнан тыс төрешілер ретінде белгіленді.
Еске сала кетейік, «Salle des Etoiles» (Монте-Карло, Монако) аренасында өтетін Головкин мен Мюррейдің жекпе-жегі болатын бокс кеші 21 ақпанда (21-ші ақпаннан 22-ші ақпанға қараған түні) Астана уақыты бойынша сағат 01:25-те басталады.
Бокс кешін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ал, ойын барысын (қайталау) «KAZsport» телеарнасынан 22 ақпанда сағат 10:00-де тамашалай аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Головкин-Мюррей жекпе-жегінің төрешілері анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/95671/)