![Тұңғыш балалар премиясы - «Балапан жүлдесі». (Толық шығарылым)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_13703.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Балапан» телеарнасы еліміздегі тұңғыш балалар премиясы – «Балапан жүлдесін» ұйымдастырды.
12 қыркүйек күні Астана қаласы «Қазмедиа» орталығында «Балапан жүлдесін» табыстау рәсімі өтті.
Айта кетейік, жобаға республикалық, халықаралық сайыстарда жеңіс тұғырынан көрінген 5-12 жас аралығындағы балалар қатысты. 2000-нан астам өтініш түсіп, солардың ішінен аталымдар бойынша ең үздіктері іріктеліп алынды. Қазылар алқасында еліміздің танымал тұлғалары болды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Тұңғыш балалар премиясы - «Балапан жүлдесі». (Толық шығарылым)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/957/)