![Астанада «Жапон көктемі» халықаралық өнер фестивалі өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_46025.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астанада 1-3 наурыз аралығында «Жапон көктемі» халықаралық өнер фестивалі өтеді.
Фестиваль аясында 1 наурызда Бейбітшілік және келісім сарайында жапондық әйгілі «Yamato» тобының концерті өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, 3 наурызда қазақстандық өнер майталмандарының қатысуымен «Астана Опера» театрының камералық залында «Чио-Чио-сан в ожидании весны…» атты концерт ұйымдастырылады.
Онда жапондық, қазақстандық авторлардың шығармалары және әлемдік классика жауһарлары орындалмақ.
Фестиваль мақсаты - екі ел арасындағы шығармашылық байланысты арттыру.
Шараны бес жылдан бері «Дегдар» гуманитарлық қоры мен JTI компаниясы өткізіп келеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада «Жапон көктемі» халықаралық өнер фестивалі өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/95709/)