![Жамбыл облысында «Жеңіске тағзым» пойызы жолға шықты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_46211.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жамбыл станциясынан Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге арналған «Жеңіске тағзым!» пойызы жолға шықты.
Жеңіс пойызы білікті дәрігерлер, әлеуметтік және мәдениет саласы қызметкерлерінен жасақталған. Сондай-ақ, азық-түлік тиелген вагондар бар.
Пойызды жолға шығарып салу салтанатына Жамбыл жол бөлімшесінің ұжымы, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы және Қазақстан халқы Ассамблеясының аймақтық филиалының өкілдері қатысты.
«Жеңіске тағзым!» экипажы «Жамбыл-Бурное-Жаңатас», «Жамбыл- Шу-Шығанақ-Отар» бағытында 50-ге жуық станцияға аялдайды.
Сапар аясында екі мыңға жуық майдангер мен еңбек ардагерлеріне медициналық, материалдық көмектер көрсетілмек.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жамбыл облысында «Жеңіске тағзым» пойызы жолға шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/95895/)