Хекки Бадлер WBA мен IBO тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атағын сақтап қалды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хекки Бадлер WBA мен IBO тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атағын сақтап қалды (ВИДЕО)

22.02.2015
Хекки Бадлер WBA мен IBO тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атағын сақтап қалды (ВИДЕО)

Головкин-Мюррей бокс кешіндегі үшінші кездесуде Оңтүстік Африка елінің боксшысы Хекки Бадлер (27-1-0, 9 КО) мен мексикалық Хесус Сильвестре (30-5-0, 22 КО) жұдырықтасты.

Жекпе-жек қорытындысы бойынша Хекки Бадлер қарсыласын жеңіп, ең кіші салмақ дәрежесінде (47,627 келі) WBA мен IBO тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атағын сақтап қалды.

Бұған дейін Фьюри-Руденко және Хаскинс-Ламири жекпе-жектері аяқталған еді.

Енді шаршы алаңға Монакода өтіп жатқан бокс кешінің басты қаһармандары шығады. Осы сәтте басталатын жекпе-жекте ұлыбританиялық боксшы Мартин Мюррей (29-1-1, 12 КО) мен орта салмақтағы WBA (Super), IBO мен WBC (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің кездеседі.

Хабарламаларға жазылу