![Ұлттық арнада – «Шаолинь футболы» комедиясы](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_46259.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алты ағайынды жігіт тәжірибелі футбол жаттықтырушысының жетекшілігімен жеңілмейтін топ құрайды. Кунг-фу көнекөз шеберлерінің баға жетпес тәжірибесі мен футболдың заманауи әдістерін біріктіреді.
Бірегей ұстаздардың мектебінен өткен олар миллион долларлық сыйақы тігілген футбол біріншілігіне қатысуға өтініш береді.
Бүгін түнгі сағат 00.00-де Ұлттық арнадан «Шаолинь футболы» комедиясын көріңіз. Режиссер Стивен Чоудың фильмінде басты рөлдерді Стивен Чоу, Чжао Вэй, Ман Тат Нг сомдайды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлттық арнада – «Шаолинь футболы» комедиясы&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/95943/)