![Аптадағы спорт жаңалықтарынан хабардар болыңыз](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_46304.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Осы аптада спорт әлемінде болған ең негізгі жаңалық – Геннадий Головкин мен Мартин Мюррей арасындағы жекпе-жек. Қазақстандық былғары қолғап шебері британиялық боксшыдан басым түсті. Қарсыласын 3 рет нокдаунға жіберген Гена 11-ші раундта айқын жеңіске жетті.
Сондай-ақ, Астананың «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда Хабаровскінің «Амур» клубын жеңіп, Құрлықтық хоккей лигасының (КХЛ) плей-офф кезеңіне өтуге жеткілікті ұпай жинады.
Ауыр атлетикадан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты бүгін қорытындыланады. Кімдердің бағы жанып, озық шығар екен?
Бүгін 12.55-те «Sport.KZ» хабарынан көріңіз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Аптадағы спорт жаңалықтарынан хабардар болыңыз&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/95988/)