![«Бүгін – жексенбі» керемет-қызық Ұлттық арнада!](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_46308.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Таяуда «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында жаңа бағдарлама көпшілікке тарту болмақ. Отандық телевизияда тұңғыш рет әр аптаның жексенбі күндері ақпараттық-танымдық «Бүгін – жексенбі» бағдарламасы тікелей эфирге шығады.
Әлемдегі қызықтар, аптаның айтулы оқиғалары, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы телебағдарламалардың ең қызықты сәттері, спорт, мәдениет және ғаламтор әлеміндегі ең қызықты, өзекті ақпараттар мен танымал тұлғалар – бәрін бір бағдарламадан табасыз.
Сондай-ақ, бағдарлама жүргізушісі көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйласа, шығармашылық ұжымның редакторлары ел назарын елең еткізетін бейнематериалдарды ұсынбақ.
Жексенбілік таң – көңілді, пайдалы, қызықты. Себебі, эфирде – «Бүгін – жексенбі»!
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Бүгін – жексенбі» керемет-қызық Ұлттық арнада!&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/95992/)