![Зарина Диас Qatar Open турнирін аяқтады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_46365.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстандық теннисші Зарина Диас Катар астанасы Доха қаласында өтіп жатқан Qatar Open халықаралық турнирінің екінші айналымында Андреа Петковичтан ұтылып қалды. Турнирдің жүлде қоры – 731 мың АҚШ долларын құрайды.
Алғашқы айналымда Зарина Диас тунистік Онс Жабермен кездесіп, 6:3, 6:2 есебімен жеңген болса, екінші айналымда әлемнің 10-ракеткасы бельгиялық – Андреа Петковичтан 7:5, 2:6, 4:6 есебімен жеңіліп, ширек финалға шыға алмады.
Айта кетейік, бір апта бұрын Дубайда аяқталған турнирде Зарина Диас дәл осы бельгиялық теннисшіні ұтқан.
Сондай-ақ, ерлер арасындағы бәсекеде отандасымыз Андрей Голубев екінші айналымда әлемнің бірінші ракеткасы, сербиялық Новак Джоковичтен 6:1, 6:2 есебімен ұтылды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Зарина Диас Qatar Open турнирін аяқтады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/96049/)