![Ұлттық арнада – жаңа жексенбілік бағдарлама](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_46385.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Көктемнің алғашқы жексенбісі, 1 наурыз күні «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын «Бүгін – жексенбі» атты жаңа ақпараттық-танымдық бағдарламаның тұсауы кесілмек.
Әлемдегі қызықтар, аптаның айтулы оқиғалары, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы телебағдарламалардың ең қызықты сәттері, спорт, мәдениет және ғаламтор әлеміндегі ең қызықты, өзекті ақпараттар мен танымал тұлғалар – бәрін бір бағдарламадан табасыз.
Сондай-ақ, бағдарлама жүргізушісі көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйласа, шығармашылық ұжымның редакторлары ел назарын елең еткізетін бейнематериалдарды ұсынбақ.
Жексенбілік таң көңілді, пайдалы, қызықты өтсін десеңіз, сағат 9.00-де эфирге шығатын «Бүгін – жексенбі» ақпараттық-танымдық бағдарламасын көріңіз!
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлттық арнада – жаңа жексенбілік бағдарлама&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/96069/)