![«Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» форумының мақсаты не?](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_46410.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жақында Астанада Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен тұңғыш рет «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» тақырыбында І республикалық имамдар форумы өтті. Форумға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 500-ге жуық имам қатысты.
Қазақ халқының тарихында билер мен діндарлардың рөлі ерекше болғаны белгілі. Имам қашанда бірліктің ұйытқысы. Бұл форум – еліміздің діни саласындағы тарихи шара.
Елде тұңғыш рет өткізілген форумның мақсаты не? Шараның мүддесі мен маңызы турасында бүгін 19.10-да «Иман айнасынан» біле аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» форумының мақсаты не?&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/96094/)