![«Айтуға оңай...» хабары Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығына арналады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_46412.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Шоқан Уәлиханов – қазақтың ұлы ғалымы, ориенталист, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы, демократ.
Шоқаннан қалған мұраның бірі — бейнелеу өнеріндегі зерттеулері. Бұл еңбектер оның өнердің осы саласындағы қазақтың тұңғыш кәсіби суретшісі болғанын дәлелдейді. Ол негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс-салтын бейнелеумен айналысқан. Одан 150-дей сурет қалған.
Шоқан аз ғана ғұмырында гуманизмнің биік өресін, ұлтжандылықтың жалтақсыз үлгісін, ғылыми қабілет пен алғырлықтың өнегесін барша болмысымен, нақтылы іс-әрекетімен дәлелдеп үлгерді.
Бүгін «Айтуға оңай...» хабары Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығына арналады. Бағдарлама мақсаты – ұлы тұлғаның бұрын беймәлім болып келген қырын елге танытып, еңбектерін, болмысын өскелең ұрпаққа насихаттау. Ұлттық арнадан сағат 21.05-те көре аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Айтуға оңай...» хабары Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығына арналады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/96096/)