![«Қазақстан-Қостанай» телеарнасының жүргізушісі «Тіл - татулық тірегі» республикалық байқауының жеңімпазы атанды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_46437.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына орай ұйымдастырылған республикалық «Тіл – татулық тірегі» байқауында «Қазақстан-Қостанай» телеарнасының жүргізушісі Алла Гаврина жүлделі бірінші орынды иеленді.
Сондай-ақ, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндердің мәселелерін қарастыратын авторлық «Бойтұмар» бағдарламасы үшін «Қайырымдылығы үшін «САУАП» медалімен марапатталды, деп жазады kostanay.gov.kz.
Сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен түрлі ұлт өкілі қатысты. Олар қазақ тілін қолдану мен ұлтаралық бірлік тақырыбында эссе жазып, халық достастығы туралы өзара пікір алмасты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Қазақстан-Қостанай» телеарнасының жүргізушісі «Тіл - татулық тірегі» республикалық байқауының жеңімпазы атанды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/96121/)