![Деректі фильмдер конкурсы Пермде өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_46459.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
18-24 қыркүйек аралығында Пермде «Флаэртиана» халықаралық деректі фильмдер фестивалі өтеді. Конкурсқа деректі фильмнің негізін қалаушылардың бірі – Роберт Флаэртидің эстетикасын дамытуды көздеген әлемнің кез келген елінде дайындалған туындылар қабылданады.
Фестиваль бағдарламасы аясында конкурстан тыс тақырыптық кино көрсетілімдер, теориялық пікір-таластар, семинарлар өткізіледі.
Айта кету керек, байқауға 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін түсіріліп болған фильмдер ғана таңдалады. Сондай-ақ, ағылшынша титры болуы маңызды.
Конкурстың Гран-при жүлдесі – «Большой Золотой Нанук». Сондай-ақ, «Жаңа тақырыптар мен жаңа кейіпкерлерді ашқаны үшін», «Үздік көркем шешім» жүлделері тағайындалған.
Өтініштер 15 наурызға дейін қабылданады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Деректі фильмдер конкурсы Пермде өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/96143/)