![Алматы қаласы ақшаны жария ету акциясы бойынша елімізде көш бастап тұр](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_46517.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Есепке сәйкес, 2015 жылдың 1 ақпанында Қазақстанда 9 миллиард 937 миллион 880 мың 340 теңге көлемінде қаржы заңдастырылған.
Оның ішінде алматылықтардың қосқан үлесі - 8 миллиард 461 миллион 429 мың 140 теңге. Салыстыра кетсек, 2015 жылдың қаңтарында бұл көрсеткіш 8 миллиард 274 миллион 616 мың теңге еді.
Екінші орында – Астана қаласы. Елорда тұрғындары 838 миллион 650 мың теңгесін жариялаған.
Ақтөбе облысында – 10 миллион 891 мың теңге, Оңтүстік Қазақстан облысында – 197 миллион 406 мың теңге, Павлодар облысында – 425 млн 284 мың, Батыс Қазақстан облысының тұрғындары – 4,2 миллион теңге, ал Солтүстік Қазақстан облысында 20 мың теңге жинақ шоттарына енгізілген.
Ақмола, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары ақша заңдастырмаған.
ҚазАқпарат
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы қаласы ақшаны жария ету акциясы бойынша елімізде көш бастап тұр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/96201/)